Русский Сайттың толық нұсқасы

Халықаралық арбитраж орталығы инвесторлар үшін жаңа қызмет түрін іске қосты

  • AstanaTV
  • 05 шілде 2019
  • 3296

Халықаралық арбитраж орталығы инвесторлар үшін жаңа қызмет түрін іске қосты. Ол Төрелік-Медиация немесе «Арб-Мед» деп аталады. Енді тараптар дауды төрелікте шеше алмаса, онда аталған мәселені медиация жүргізу жолымен шешуді талап ете алады. Аталған қызмет Орталық Төрайымы Барбара Доманның басшылығымен, сондай-ақ екі төреші Стефан Григолли мен Томас Крюмельдің қатысуымен қолға алынды. Медиатор төрешілерден тәуелсіз тұлға және бейтарап делдал болып табылады. Арб-Мед қыметі коммерциялық дауларды аса тиімді және экономикадан тыс әдіспен шешу бойынша мүмкіндігін әрі қарай нығайтады деп күтілуде. 

Барбара ДОМАН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРБИТРАЖ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ :

Біз ұсынып отырған жаңа қызмет Қазақстанда ғана емес Европа, Еуразия елдерінде де сұранысқа ие болады деп болжап отырмыз. Өйткені даудың қысқа уақытта шешімін табуы тараптар үшін тиімді. Мәселен біздің қызметіміз арқылы дауды бір күнде шешуге болады. дауласушы тарпаптар арбитраждан медиацияға өтуіне болады. Ал егер медиация мәселенінің шешімін таппаса, олар қайта арбитражға жүгінуге мүмкіндік бар.   

Қазіргі таңда халықаралық арбитраж орталығында 36 қазақстандық медиация курстарында білімдерін жетілдірген. Айта кетерлігі, ХАБ-та медиация жолы арқылы коммерциялық дауды шешуде халықаралық тәжірибесі мол қазақстандық заңгер медиатор бола алады. 

Барбара Доман, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРБИТРАЖ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Арб-Мед - жаңа бастамамыз, біз оны бүгінгі таңда қуана отырып іске қосамыз. Сондай-ақ Халықаралық Төрелік Орталығында тараптардың дауларды мүмкіндігінше жылдамырақ және тиімдірек шешуін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда үздік халықаралық медиация стандарттарын ұсыну біліктілігі бар медиаторлар қоғамдастығын дамытамыз. 

Н. Біләл