Русский Сайттың толық нұсқасы

«Nur Otan» партиясы Арыстағы тіршілікті бақылауында ұстайды

  • AstanaTV
  • 06 шілде 2019
  • 2937

Бір де бір адам өз проблемасымен жалғыз қалмауы керек.«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Арысқа барғанында ондағы барлық тірлікті «Nur Otan» партиясы бақылауында ұстап отырғанын айтты.

Жарылыстан бір сәтте қаңырап, қирап қалған Арыста қарбалас қазір. Құрылыс қыза түскен. Снаряд түскені бар, қатты толқыннан қирағаны бар, бүлінген үй сегіз мыңға жуықтайды. Көпшілігінің есік-терезесі мен шатыры қирағанын айтқанбыз. Шаһар 17 секторға бөлінген. 14 облыс пен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан келген 170 бригада жұмысты бастап кетті. Апат салдарын жою жұмыстарымен танысқан «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бейсенбі күні атқарылар істі пысықтады.

Бауыржан Байбек, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:  

-Сол кездері Алматы қаласының әкімі болдым, адамдарды бекіттік. Бізде «мен алматылық» деген қозғалыс бар. Ақша жиналды, «Nur Otan» партиясы тарапынан ақша жинадық. Қазір бәрін жұмылдырып...қанша үй мына жерде? 

-496 үй. Оның 481 –і ремонт.

-Жоспарды қойдыңдар ғой, қанша адам қойылғанын, адам саны бойынша?..

-Әрбіріне жоспар қойылған. Бүгін 120 адам жұмыс істеп жатыр. Одан басқа тағы да 80 адамдай...Әйнектер Шымкентте, Алматыда біз заказ беріп жатырмыз. Өйткені мына жақта үлгермей жатыр.

Бауыржан Байбек Алматы қаласына бекітіліп берілген сектордағы тұрғындардың хал-жағдайын сұрады. Ол партия атқарылар істі қатаң бақылауда ұстайтынын қадап айтты. 

-Жігіттер! Қолымыздан келгенше сапалы жұмыс істеу керек. Бәрі үлкен сауап қой. Осындай қиын жайда сіздердің отбасыларыңыз келмесін. Рахмет сіздерге, дұрыстап жұмыс істеңіздер.  

Алматылықтар салатын үйдің бірі Талғат Ибрагимовтің баспанасы. Оның су жаңа үйі 24-маусым күні таңда-ақ жарамсыз күйге түскен. Айтуынша, жарылыс басталған сәтте аяғы ауыр келіншегі мен кішкентайлары үйде ұйықтап жатыпты. Атырауда жұмыста жүрген азамат әбден абдыраған. Отбасы мүшелері құдай сақтап қашып үлгергенін үрейлене еске алды. Үй иесінің қиын сәтте қолдау білдірген барша қазақстандықтарға алғыстан өзге айтары жоқ. 

Талғат Ибрагимов, Арыс қаласының тұрғыны:  

Алматы қаласына қарайды бұл жер, Алматы қаласына, сол көмектесіп жатыр. Мешіт жақта продукты әкеп халықтарға бөліп беріп жатыр. Көмек әзірге сол болып тұр. Үйді соғып береміз деп жатыр ғой. Көрген түстей болып отыр ғой бұл жағдайдың бәрі. Бәрі енді келіп жатыр, қимыл-әрекет басталды. Қалада магазиндер де ашылып жатыр.  

Сонымен бірге Бауыржан Байбек «Арысқа көмек» акциясы аясында Алматы қаласынан жіберілген гуманитарлық көмек керуенін күтіп алуға қатысып, апаттың салдарын жою жұмыстарына белсенді қатысып жүрген еріктілермен кездесті. Еліміздегі ең ірі қаладан Арысқа негізінен құрылыс материалдары келген. Бауыржан Байбек «Nur Otan» партиясының аймақтық филиалына барлық гуманитарлық көмектің арыстықтардың игілігіне жұмсалуын қамтамасыз етуді тапсырды.  

Жергілікті жұрттың үрейі әлі де сейіле қоймаған. Б.Байбек халықты шыдамдылық танытуға шақырды.

- Бір түннің ішінде шешілетін мәселе емес. Сондықтан адамдар енді сабырлылыққа бәрін шақыруымыз керек, шыдамды болу керек. Осындай жағдай..складты алып... Жалпы, Арысты көріп отырмын. Өте жақсы салынған кезінде. Қазір енді бәрі дұрысталады деп ойлаймын.               

- Дұрысталады.

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары апат кезінде қираған әлеуметтік нысандарды да аралады. Бүлінген нысанның бірі - «Алтын тұмар» балабақшасы. Мұндағылар жарылыс кезінде балаларды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарын жедел жүргізіп, бүлдіршіндерді аман алып қалған-тын. Балабақша ұжымымен және ата-аналармен кездескен Бауыржан Байбек ешбір адам өз проблемасымен қалмайтынын айтты.      

Бауыржан Байбек, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Елімізде осындай жағдай қайталанбасын. Елбасы өзі тапсырма берді. Біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тапсырма берді. Біз партия тарапынан қоғамдық партиялық бақылауды күшейтеміз. Тағы бір рет партия басшыларына айтып шықтым, әрбір адаммен, әрбір отбасымен қарым-қатынас орнатып сөйлесу керек. Қазіргі жағдайда психологиялық тұрғыдан көмек көрсетілу керек, әрбір адам өз проблемасымен жалғыз қалмау керек. Партия тарапынан бақылауға аламыз. Партияға сеніңіз. Халықтың партиясы. Бізде басқа партия жоқ халықты біріктіретін...  

Үйімізден төрт қабырғамыз қалды аман. Енді өрт түспегеніне қуанамын, адал дүниеміз адалына бұйырсын деймін. Енді үкіметтің арқасында бітер, ең бастысы қыздар, басымыз аман, бауырымыз бүтін. Еліміз тыныш болсын, шүкір деймін.  

Айта кетейін, Арыста атқарылып жатқан жұмыс бойынша әр өңірдің рейтингісі жасалады. Біткен іс бойынша апта сайын халыққа есеп те беріліп отырады.  

Бауыржан Байбек, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:  

Қазақ халқы мың өліп, мың тірілген халық қой. Осындай жағдайлар болып жатыр...Қазір бейбітшілік заман. 28 жылдың ішінде қан төгілген жоқ. Соғыс болған жоқ. Тұрақтылық болмаса бір-бірімізді сыйламасақ ештеңе болмайды ертең. Ештеңе. Мектептер салынбайды. Балабақша салынбайды. Сапасы көтерілмейді. Қайда кетеміз... сондықтан соны ұмытпаңыздар, ағайын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!. 

Айзада Төребекқызы «Біздің уақыт»