Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада «WORLD SCHOLAR’S CUP MINI-GLOBAL ROUND» байқауы басталды

  • AstanaTV
  • 09 шілде 2019
  • 2161

Елордада оқушылар арасындағы пәнаралық байқау алғаш рет халықаралық деңгейде өтіп жатыр. Жыл сайынғы жарысқа биыл 14 елден 200-ден астам оқушы қатысады. Жасөспірімдер эссе жазу, пікірталас, тестілеу және викториналық сұрақтарға жауап беру бойынша бақ сынайды. Аталмыш конкурс 3 кезеңнен тұрады. Үздік оқушылар халықаралық этапқа өтпес бұрын, мектеп ішінде іріктеліп келген. Байқаудың финалы АҚШ-тың Йель университетінде өтеді. 

Дэниел БЕРДИЧЕВСКИЙ, «WORLD SCHOLAR’S CUP MINI-GLOBAL ROUND» БАЙҚАУЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ :

Байқауда оқушылар әр түрлі пәндерді зерттейді. Ғылым, өнер, музыка, әдебиет - бәрі бірімен-бірі байланысты. Олар командамен жұмыс істеп те үйренеді.

Фатима ШОАЙБ, «WORLD SCHOLAR’S CUP MINI-GLOBAL ROUND» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ /ПӘКІСТАН/: 

Мен осы жарысқа қатысқалы публика алдында сөйлеп, өз ойымды жеткізуге үйрендім. Өзіме деген сенімділік пайда болды. Сондықтан бұл байқауды жастарды спикер ретінде қалыптастыруға арналған алаң деп есептеймін. 

Д. Қайыртай