Русский Сайттың толық нұсқасы

"Хан шатыр" бассейнінде қаза тапқан қыздың ата-анасы мектеп директоры мен мұғалімді сотқа бермек

  • AstanaTV
  • 10 шілде 2019
  • 2116

"Хан Шатырдағы" бассейнге батып кеткен 8 жасар қыздың ата-анасы №10 мектеп директоры мен сынып жетекшісін сотқа бермек. Мұны арнайы брифингте мәлімдеді. Бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берген мектеп директоры қайтыс болған қыздың ақыл-ойының жетілмегені туралы айтқан. Ал баланың әкесі психикалық ауытқулары туралы ақпаратты жоққа шығарып отыр. Қазір "Педагогикалық қызметкердің педагогикалық этиканың міндеттері мен нормаларын дұрыс орындамауы" жөнінде әкімшілік іс жүріп жатыр. Бұл бап бойынша бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ескерту немесе айыппұл салынады. Алайда зардап шеккен тарап бұл шешіммен келіспей отыр. 

Олег СААКЯН, ҚР КӘСІБИ ЗАҢГЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ :

Біздің тарапымыздан бұл жаза түрі осы мемлекеттік қызметшілерге арналған - сынып жетекшісі мен директоры үшін толық емес деп есептейміз, Сондықтан "Жеке ақпаратты жариялау және жала жабу" бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке қатысты тиісті өтініш беруді жоспарлап отырмыз.  

Ал қылмыстық кодекстің "Жала жабу" бабы бойынша, екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Мектеп директоры Мәрзия Ташенова болса, қаза тапқан қыздың отбасынан кешірім сұраған көрінеді.

Н. Біләл