Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда футбол қақпасы басып қалған бала санавиациямен елордаға жеткізіледі

  • AstanaTV
  • 11 шілде 2019
  • 3439

Футбол қақпасы басып қалған қостанайлық жеткіншек санавиациямен елордаға жеткізіледі. Ауыр жарақат алған 16 жасар Намик Ширинов әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Оқыс оқиға маусымның 28-і күні Қостанайдағы Қобыланды батыр көшесінің бойындағы аулалардың бірінде болған. Қағылмай бос тұрған қақпа баланың үстіне құлап, басып қалған. Жеткіншек жедел жәрдеммен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Азеддин ШИРИНОВ, БАЛАНЫҢ ӘКЕСІ:

Балам ауыр халде жатыр, ешқандай өзгеріс жоқ. Жаралары да жазылмаған. Дәрігерлер емдеп жатыр. Тағы бір операция жоспарланғанын айтты.

Футбол алаңының кімге тиесілі екені және қақпаны кім орнатқаны белгісіз. Қала билігі мен тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық бөлімі сұқбат беруден бас тартты. Бірақ бос қақпа асты-үстінен дәнекерленіп, темір қоршауға бекітілген. Ал ата-ана күн санап баланың жағдайы нашарлап бара жатқанына алаңдаулы. Дәрігерлер оны республикалық клиникаға ауыстыру жағын қарастырып жатырмыз дейді. 

Ксения ЖЫЛҚЫБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:  

Баланың ішкі органдарына қатты зақым келген. Бауыры мен ішегі жарылған. Өтіне қан құйылған. Облыстың бас хирургі өзі араласып, 5 рет операция істелді. Емдеу шаралары Нұрсұлтандағы Ана мен бала орталығы және Алматыдағы Сызғанов атындағы институтпен келісілген. Дүйсенбі күні науқас бала санавиациямен елордаға жеткізіледі.

З. Санай