Русский Сайттың толық нұсқасы

Әнші Димаш Құдайберген мемлекет басшысы жолдаған Абай өлеңдерін оқу эстафетасын жалғастырды

  • AstanaTV
  • 11 шілде 2019
  • 5155

Әнші Димаш Құдайберген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған эстафетаны қабыл алды. Ол Абайдың 175 жылдығына арналған челленджде «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» атты өлеңін оқыды. Ал Димаш эстафета жолдағандардың арасында Ресейдің халық әртісі Игорь Крутой да бар.

Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН, ӘНШІ: 

Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы, Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.Жіңішке қара қасы сызып қойған, Бір жаңа ұқсатамын туған айды.

Жерлесіміз Ләйлім Шырақ бастаған Абай өлеңдерін оқу эстафетасы бұған дейін президентке жолданды. Қасым-Жомарт Тоқаев "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін айтып, эстафетаны жалғастырған болатын. 

Ә. Лесбек