Қызылорда облысында Көкарал бөгетін бекіту жұмыстары басталады. Оған қоса Солтүстік Арал теңізінен Оңтүстікке өтіп кетпеу үшін балық қорғайтын құрылғы орнатымақ. Бірінші жартыжылдықта қызылордалық балық зауыттары 2,5 мың тонна су маржанын экспорттап, республикалық қазынаға 53 миллион теңге түсірді. Республикалық және халықаралық балық шаруашылығы саласы өкілдерінің бесінші слетына Ақтөбе, Түркістан облыстары балықшылары да қатысты.
Көкарал бөгетіндегі балықтың жаппай қырылуы мәселесін мамандар осымен 4інші жыл көтеріп отыр. Мысалы, 2017 жылдың жазында екі жүз тоннадан астам шабақ өліп қалған болатын. Балықшылардың бесінші слетында сүйінші хабар айтылды. Қамбаш өзенінде балық қорғау қондырғысы салына бастапты. Енді Солтүстік Арал теңізінен балық Оңтүстікке жүзіп өтпейді.
Болат БЕКНИЯЗ, «АРАЛДЫ ҚОРҒАУ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОРЫ ДИРЕКЦИСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
Қазақстан Респуликасы германдық қоғамдық ұйыммен балық қорғау қондырғысы жобасын жүзеге асыру үшін келісімге келді. Биыл біз қаражаттты алып, жобалау жұмысын бастадық. Балық қорғау қондырғысы гидроакустикалыө әдіспен балықты үркітіге арналған. Бөгетке 150-200 метрдейжетпей балықтар Солтүстік Арал теңізіне оралады.
Осылайша Оңтүстік Арал теңізіне кететін балықтң 60 пайызын ақтап қалуға мүмкіндік туады. Мамандардың есебінше, жыл сайын 4 мың тонна балық өліп алады. Ал слеттың мақсаты - балық шаруашылығындағы жетістіктерді атап, үздіктерді марапаттау. Соңғы 5 жылды 30 түрлі арал балығы өнімдерін экспорттау 9 есеге артқан. Қазіргі таңда балық шаруашылығы саласында облыстың 5 мың тұрғыны жұмыс істейді.
Мұхтар ОРАЗБАЕВ, АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
3,5 мың тонна балық терең өңделіп, Батыс Еуропа мемлекеттеріне экспортталды. Былтырдан бастап Қытай мемлекетінеде осы Аралдын көксеркесінің түрлері экспортталуда. Қазіргі таңда Арал ауданында 7 балық зауыты тұрақты жұмыс жасауда. Таяу күндері сегізінші балық зауыты Қаратерен елді-мекенінен іске қосылады. Жалпы аудан көлемінде жеті балық зауытында 18 тоннадан астам балықты өндей алады.
Нұрғабыл ҚҰЛАНОВ, ҚАМЫСТЫБАС БАЛЫҚ ПИТОМНИГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
2019 жылға Қамыстыбас балық питомнигі жылдағыдай мемлекет тапсырмасын орындауға 14 миллион 800 мың бір жаздық, 420 мың екі жаздық балықтарды өсіріп, қыркүйік, қазан айларында осы Арал өніріндегі су айдындарына және мынау Арал теңізі жібереміз деген ойымыз бар. 49 миллионға жақын ділнәсіл алдық.
Ал Көкарал бөгетін пайдалануға берілгелі 12 жыл. Мамандардың зерттеу нәтижесінде бірнеше проблемалық аумақтар бар. Болат Бекнияздың айтуынша, жөндеу жұмысын жүргізу жобасы аяқталуға жақын. Балық шаруашылығы саласының проблемалары мен жетістіктері ашық айтылған бесінші слет балық шаруашылығы қызметкерлері күніне арналды.
Ш. Сақтапова