Русский Сайттың толық нұсқасы

20 көп балалы ана тігіншілікті тегін оқып шықты

  • AstanaTV
  • 16 шілде 2019
  • 2453

Елордадағы 20 көп балалы ана тігіншілікті тегін оқып шықты. Мамандықты екі аптада үйренген оларға бүгін сертификат пен тігін машинасы табысталды. Енді олар үйлерінде отырып, бала тәрбиесінен қол үзбей-ақ ақша таба алады. Әйелдерге заңды түрде кәсіп ашудың қыр-сыры да түсіндірілді. Нұр-Сұлтан қаласында жыл соңына дейін 600 көп балалы ананы осы «Жәрдем» бағдарламасы бойынша курстан өткізу жоспарланып отыр. Жоба елдің басқа да өңірлерінде қолға алынбақ. «Nur Otan» партиясы мен Іскер әйелдер қауымдастығы ұйымдастырған бағдарлама Елбасы жариялаған «Бақытты отбасы» жол картасының аясында жүзеге асырылды. Ал Тұңғыш президент-Елбасы қоры демеушілік көрсетті.

Динара ЗАКИЕВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Тігін шеберлігі мен аспаздық курстарын аштық. Екі апта бойы базалық білім алды. Ең соңғы күні түрлі мемлекеттік гранттар туралы, жеке кәсіп ашудың жай-жапсары туралы дәрістер тыңдады.

Индира МИЫҚБАЕВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА:

Тура тігісті тігуді үйрендік. Енді адамдар 3 жылдап оқып жүрген кезде 2 аптада деген енді мүмкін емес қой бір шебер болу. Бірақ осы саланы ары қарай өзім алып кетсем деп отырмын. Өйткені балалар кішкентай, үйде отырып жұмыс істесем деп отырмын. 

Д. Қайыртай