Русский Сайттың толық нұсқасы

"Халық Банк" сервисіне кибершабуыл жасаған түркиялық хакерлер болуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 16 шілде 2019
  • 2749

"Халық банктің" Хоумбанк.кз қызметін пайдаланушыларына жасалған кибершабуылға Ұлттық қауіпсіздік комитеті араласты. Өйткені homebank.kz интернет-ресурсына шабуыл көбейген. Банк клиенттерінің ақшасын жымқыруды мақсат еткен олар ресми интернет-ресурсқа ұқсатып homeYbank.com, hometbank.com, homebankis.com секілді әріптерін өзгертіп, қулық жасаған. Мұны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары анықтады. Яғни, банк клиенттеріне жалған сілтеме жіберіп, олардың ақпараттарын иемденеді. «Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы» бүгінде алаяқтықтың құрбаны 1000-нан асып жығылатынын жеткізді. Сондай-ақ зерттеу жүргізген олар хаккерлер түркиялық азаматтар болуы мүмкін деген болжам жасады. 

Арман АБДРАСИЛОВ, «КИБЕР ШАБУЫЛДАРДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ТЕРГЕУ ОРТАЛЫҒЫ» ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ :

Жалған ссылкаларды таратқанда қолданылған IP адрестер түркиялық ұялы байланыс операторына тиесілі және түрік тілі қолданылған. Сондай-ақ, ары қарай қазбалай келе дәл осындай қулықпен олардың Грузиялық банктің біріне шабуыл жасағанын анықтадық. Біз Түркия елінің билігіне шығайын десек, жеке компания болғандықтан рұқсат жоқ. Бұл мәселеге "Халық Банк" өзі шындап кірісуі қажет.  

Ал Банк өкілдерінің айтуынша, әзірге зардап шеккен клиенттерден ешбір шағым түспеген. Сондай-ақ мұндай шабылдар жиі қайталанып тұрады, дейді 

Евгений БЕЛОВ, "ХАЛЫҚ БАНКІ" АҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Мұндай сайттарды үнемі анықтап отырамыз. Бұл жекелеген жағдай деп айта алмаймыз. Алаяқтар үнемі жасап, таратып отырады. Олар үшін бұл жеңіл ақша, табыс алудың оңай жолы. Банк киберқауіпсіздікке көп ақша бөліп отырады, өйткені бұл сала бүгінгі күні Ұлттық банкпен айтарлықтай реттелген.  

Ә. Өмірзақ