Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысында «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламаларының жүзеге асу барысы талқыланды

  • AstanaTV
  • 20 қазан 2017
  • 2707

Қостанай облысында мемлекеттік бағдарламалар қарқынды жүзеге асып жатыр. «Нұрлы жол» аясында бөлінген қаржының 70 пайызы, ал «Нұрлы жер» бойынша қаражат толық игерілген. Ел игілігіне бағытталған жобалар аясында биыл 7 көпқабатты үй бой көтерді. Бұл мақсатқа 1 миллиард 286 миллион теңге бөлінген. Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, 6 үй қолданысқа беріліп, 360 отбасы пәтерге қол жеткізді. Жыл соңына дейін тағы бір үй пайдалануға берілмек. Жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы да қарқынды жүзеге асуда.

Дәурен Саудабаев,  «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ҚФ директоры:

Мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған 410 пәтерді ұсынып отырмыз. Баспаналардың басым бөлігі «Әуежай» ауданында орналасқан. Бағдарлама қатысушыларына кең таңдау ұсынылды.