Қыркүйектің 5-не дейін әлеуметтік әлжуаз топтардың несиелері есептен шығарылады. Үкімет борышкерлердің қарызын кешіру тәртібін бекітті. Сол айдың тоғызына дейін банктер мен микроқаржылық ұйымдар борышкерлердің қарызы жабылғаны туралы ақпаратты Проблемалы несиелер қорына ұсынуы керек. Ал Қор өз кезегінде несиесі кешірілгендер туралы толық мәліметті қыркүйектің 13-не жеткізбей Ұлттық банк пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолдауы тиіс. Бұл ақпарат «Е-Халық» сайтында да жарияланады. Естеріңізде болса, маусымның 26-сы күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қиын жағдайға тап болған отбасылардың несиесін есептен шығару туралы жарлық шығарды. Ол үшін бюджеттен 88 жарым млрд теңге бөлінді.
Д. Қайыртай