Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда ақылы автожолдар саны артады

  • AstanaTV
  • 19 шілде 2019
  • 2818

Қазақстанда ақылы автожолдар көбейеді. Алдағы екі-үш жылда 32 жол учаскесі ақылы болады. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясының" Ақылы автожолдар дирекциясы филиалының директоры Асхат Оқасов айтты. Жол жүру ақысын көлік жүргізушілер автоматтандырылған төлем жүйесі арқылы төлейді. Онда түскен барлық қаражат тек жолдарды жөндеу мен осы ақылы жүйені реттеп отыруға жұмсалады. 

Асхат ОҚАСОВ, "ҚАЗАВТОЖОЛ "ҰК" АҚ АҚЫЛЫ АВТОЖОЛДАР ДИРЕКЦИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр. Шлагбаумдар мен ақы алу пункттері болмайтын ақы алудың ашық жүйесін енгізуді көздеп отырмыз. Жеңіл көлік мінгендерде алдын ала арнайы сайт, интернет-банкинг және телефон теңгерімімен төлеуге де мүмкіндік бар. Бұл жағдайда 2 есе жеңілдік болады. Ал қай жолдың бағасы неше болатынын уәкілетті мемлекеттік орган көлікке қарап бекітеді.

Ә.Өмірзақ