Русский Сайттың толық нұсқасы

Үндістанда бір тәулікте 30-дан астам адам найзағай соғып, ажал құшты

  • AstanaTV
  • 22 шілде 2019
  • 2014

Үндістанда бір тәулікте 30-дан астам адам жай түсіп, ажал құшты. Сондай-ақ, 13 адам зардап шекті, деп хабарлайды жергілікті NDTV арнасы. Оқиға кеше елдің солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында болған. Айта кетсек, бұған дейін жұма күні болған найзағай кезінде 9 адам қайтыс болған еді. Жергілікті билік қаза тапқандардың отбасына 6 мың долларға жуық қаражат бөлетінін хабарлады. Елде басталған муссондық жауын-шашын тасқынға ұласып 160-тан астам адам опат болды. Зардап шеккендер саны 10 млннан асады. 

Ә. Өмірзақ