Алматыда ірі жол апатынан соң, алты адам ауыр халде ауруханаға түсті. Таңғы 9 жарымда «Бурундай» мен «Шоссейная» көшелері қиылысында Камаз бен микроавтобус соқтығысқан. Ауруханаға жеткізілген жеті адамның біреуі жеңіл жарақатпен амбулаторлық емге жіберілді. Қалғандары жан сақтау бөлімінде.
Дәурен ТҮСІПОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ №4 КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:
Алты науқас біздің ауруханада жан сақтау бөлімінде ем алуда. Бір ер адам, бесеуі әйел адам. Әйелдердің біреуіне іш қуысына қан кетуі себебінен жедел түрде ота жасалды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы қалыпты.
Жүк көлігінің жүргізушісі дін аман. Кінәлі - алты жолаушымен келе жатқан автобус жүргізушісі. Ол бұрылыста Камазға жол бермеген. Куәгерлердің айтуынша осы көшеде көліктер аптасына екі-үш рет соқтығысады. Себебі - жол белгілері қойылмаған. Сондықтан жүргізушілер бір-біріне жол бергісі жоқ. Бүгінігі апат бойынша қылмыстық іс қозғалды.
А. Сейфулла