Русский Сайттың толық нұсқасы

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев Владимир Путинмен кездесті

  • AstanaTV
  • 25 шілде 2019
  • 2112

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев Владимир Путинмен кездесті. Арнайы борттың Мәскеуге қонғаны туралы Атамбаевтың өзі инстаграм парақшасында жазған еді. Кейін Ресей басшысы кездесу нәтижесі бойынша мәлімдеме жасады. Ол көрші елдердегі бұрынғы әріптестерімен де, қазіргі Президенттермен де әрқашан ашық диалогқа дайын екенін айтқан. Жүздесуде негізінен Қырғызстанның қазіргі саяси жағдайы талқыланған ұқсайды.

Владимир ПУТИН, РФ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қырғызстан бізге одақтас, жақын ел. Осыған дейін мемлекет екі рет ірі ішкі саяси қозғалысты бастан өткерді. Елге бүгінде тұрақтылық қажет. Барлығы қазіргі Президенттерінің айналасына жиналып, оған елді дамытуда қолдау көрсетуі керек. Біздің Қырғызстанмен ынтымақтастық аясында жоспарымыз көп және қазіргі билікпен оларды бірлесе жүзеге асыруға құлықтымыз. 

Еске салайық, жақында Атамбаевты Қырғыз жоғарғы кеңесі экс-президент мәртебесінен және тиіспеушілік дербес құқығынан айырып еді. Үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін екені де айтылған. Ұсталып қалудан қауіптенген ол Ресейге «Манас» емес, Кант әуежайы арқылы ұшты. Кеңесшісі Арнайы ұшақты Мәскеу тарапы жібергенін және кездесуден кейін қайтып келетінін айтқан. 

А. Сейфулла