Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана аспанын тұманды түтін торлауының себебі Ресей орманындағы өрттен болуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 25 шілде 2019
  • 3598

Астанаға көк түтін Ресейдегі өрттен келуі мүмкін. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жетекшісі Сәдуақас Байғабылов осылай деді. Бүгінде Иркутск пен Красноярск облыстары аумағындағы 1 млн гектар орман аумағы отқа оранған. Содан шыққан түтін Елорда аумағын да жетсе керек. Павлодар аспаны да екі күннен бері ашылмай тұр. Байғабылов түтін бір-екі тарап кетеді, тұрғындардың денсаулығына ешқандай зияны жоқ дейді. «Қазгидромет» мамандары болса, соңғы екі күнде ауа ластануының жоғары концентрациясын тіркелмегенін мәлімдеді. Тек Ақжол және Түркістан көшелері аумағындағы бекеттерде аздаған ауытқу байқалған. Бұл - жел болмауынан деп түсіндірді олар.

Дана АМАНБАЕВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

25 шілдеде түнгі уақытта «Нұр-Сұлтан» қаласында әлсіз солтүстік жел болды. Желдің жылдамдығы 1 және 3 м/сек аралығында. Сағат 8:40-тан бастап өндірістік түтін байқалды. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70 пайызды құрады. 

А. Сейфулла