Ресейдің Омбы қаласынан шыққан желаяқтар Қазақстанға жетті. 3 күндік жолды артқа тастаған «Бег Мира» факелдік эстафета қатысушылары бүгін Павлодар қаласына аялдады. Жергілікті тұрғындар спортшыларды ән-күймен қарсы алып, шашу шашты. Марафонға қатысушылардың ішінде Ресей, Белоруссия, Латвия және қазақстан азаматтары бар. Олар 1 ай бойы Ресей мен Қазақстанның 2 облысын басып өтіп, қайта Омбыға аттанбақ. Марафон барысында желаяқтар барлығы 3,5 мың шақырымды жаяу еңсермек. Оның 2,3 мың шақырымын Қазақстан арқылы өтеді. Марафоншылардың арасында Қазақстанға алғаш рет келгендер де бар. Латвиялық Гуанда Гагайла осымен 6 жыл қатарынан әлемдік жеңіл атлетшілер додасына қатысып отыр. Желаяқтардың ендігі бағыты - Шығыс Қазақстан облысы.
Гуанда ГАГАЙЛА, ЖЕЛАЯҚ /ЛАТВИЯ/:
Мен бірінші рет Қазақстанға келіп тұрмын. Маған бұл ел өте қатты ұнады. Адамдары сондай ашық жарқын, тіпті полицейлердің өзі сондай кішіпейіл жандар екен. Бізге қолдан келген көмектерін көрсетіп, мейірімділік танытты. Ризамыз.