Русский Сайттың толық нұсқасы

Е.Біртанов дәрігерге ара түсті

  • AstanaTV
  • 26 шілде 2019
  • 2419

Әділетсіз жаза! Елжан Біртанов Ақтауда басы дауға қалған дәрігерге араша түсті. Денсаулық сақтау министрі балалар хирургі Насуқан Отарғазиевтің қамауға алынғаны жөнінде Facebook парақшасында жазды. Министр сот кескен жазамен келіспейтінін ашық айтты. Сондай-ақ, ол осы келеңсіз оқиға Мемлекет басшысының медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру жөніндегі тапсырмасына қайшы екенін атап өтті. 

Елжан БІРТАНОВ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Өз кәсіби міндетін атқару кезінде мұндай жағдайда қалған дәрігерді осылайша жазалауды әділетсіз әрі артық деп есептеймін. Бұл келіспеушіліктегі дәрігердің кінәсі дәлелденген жағдайдың өзінде (видеодан қарап, оны айтуға қиын) тәртіптік жаза немесе айыппұлмен шектелуге болар еді.

Еске салсақ, Ақтауда балалар ауруханасына келіп, кезек күтпей ішке кіруге ұмтылған әйелмен жанжалдасқан дәрігер бір тәулікке түрмеге қамалған. Ол науқасты балағаттады деп айыпталды. 15 жылдық еңбек өтілі бар хирург қазір соттың шешіміне қарсы шағымданып, өзін ақтап алмақ. Айта кетейік, қабылдау бөлмесінде шу шығарған әйел дәрігерге тіл тигізгені үшін 12 мың теңге айыппұл төледі. Жанжал барысы бейнекамераға түсіп қалған. 

Н. Біләл