Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгіннен бастап "Жастар кадрлық резерв" жобасына өтінімдер қабылдау басталды

  • AstanaTV
  • 26 шілде 2019
  • 3480

Бүгіннен бастап "Жастар кадрлық резерв" жобасына өтініш қабылдау басталды. Бұл туралы "Болашақ" қауымдастығы хабарлайды. Жобаның мақсаты - жастар арасында мемлекеттік басқару жүйесі, бизнес және қоғамдық қызмет саласы үшін заманауи, тиімді басқарушылардың жаңа генерациясын қалыптастыру. Жоба қорытындысы бойынша еліміздің әр аймағынан 3 адамнан 51 жас іріктеледі. 34 адам Парламентте, 17 адам орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда тағылымдамадан өтеді.

Лаура ДЕМЕСІНОВА, "БОЛАШАҚ" ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Биыл мерейтойлық 10-шы рет өткізіледі жоба. Мына 10 жылдың ішінде 15 мыңнан астам жастар жобаға қатысты. Оның ішінде 468 жоба қатысушысы мәжілісте, сенатта, мемлекеттік органдарда өз практикасын өтті.  

Конкурсқа қатысушыларды іріктеуді облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, БАҚ және бизнес саласы өкілдері кіретін арнайы комиссиялар жүзеге асырады. Жобаға 18 бен 29 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Өтінімдер онлайн түрде jastar-rezerv.kz сайты арқылы 5 қыркүйеке дейін қабылданады.  

Дәулет КӘРІБЕК, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ "JAS OTAN" ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ешқандай аға-көкесі жоқ, өз күшімен ары қарай өскісі келетін, біліміне сенетін жастардың дамуына жағдай жасау. Әлеуметтік лифт ретінде, әлеуметтік тепшек ретінде жастардың жаңа орындарда өзін байқап, сынап көруіне, өзінің білімінің жетуіне шығармашылық және тұлғалық дамуына әсер ететін біздің жобалардың бірі.  

Н. Біләл