Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысында түйе қырылып жатыр

  • AstanaTV
  • 29 шілде 2019
  • 6649

Атырау облысында тағы да мал қырылып жатыр. Бұл жолы Жылыой ауданында ойсыл қара төлі жаппай өлген. Шілдеден бері 25-тей түйе арам қатқан. Мамандардың айтуынша, түйелерден ешқандай ауру белгісі байқалмаған. Кешкісін жайылымнан келген мал таңертең өліп қалған. Алғашында мал өлімі Ақкиізтоғай ауылында тіркеліпті. Қазір ол аумақтағы жағдай тұрақталғанымен, Құлсары қаласы маңындағы Жадырасын жайлауында да мал өлімі болған. Қазір мамандар қандай да бір шешім шығару үшін сараптама қорытындысын күтіп отыр. Бірақ жұқпалы ауру тарауы мүмкін емес деп болжайды.

Данияр АЙТПЕНБЕТ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ЖЫЛЫОЙ АУДАНДЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Алдын ала диагноз шөптен улану деп қарап отырмыз қазір. Жұқпалы ауру жоқ деп отырмыз. Шөптен уланды немесе бір нәрсе шағып жатыр ма деп ойлап отырмыз. Сондықтан кенелерге қарсы обработка жасап жатыр.  

Б. Нәдірқызы