Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкент әкімі ауысты

  • AstanaTV
  • 30 шілде 2019
  • 2303

Шымкент әкімі ауысты. Енді мегаполисті Түркістан облысы Отырар ауданының әкімі болған Ерлан Айтаханов басқармақ. Бұл туралы президенттің жарлығы шықты. 47 жастағы шенеуніктің экономикалық және заңгерлік білімі бар. Ол Көлік және коммуникация министрлігінде, антимонополия агенттігінде де қызмет атқарды. Ал қаланы бір жыл басқарған Ғабидолла Әбдірахымов қызметінен кетті. Кейбір ақпарат құралдарының хабарлауынша, Президент әкімшілігінің жетекшісі Қырымбек Көшербаев "оған берілген саяси сенім несиесі таусылды" деп мәлімдеген.