Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлеуметік медициналық сақтандыру қорындағы қаражатты ем-домға қашан пайдалануға болатыны белгілі болды

  • AstanaTV
  • 30 шілде 2019
  • 2085

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына екі жылдың ішінде 186 млрд тг жиналды. Салымшылар оны 2020 жылғы қаңтардың 1-нен бастап ем-домға пайдалана алады. Ал жиналған қаржыға ел Үкіметінің өзі кепіл болып отыр. Сондықтан қор өкілі қаражаттың басқа мақсатта жұмсалатыны туралы қауесетке сенбеуге шақырады. Алайда Нұрлыбек Қабдықаппаров салымшылар туралы деректер күнделікті өзгеретіндіктен, нақты қанша адамның атынан ақша түсіп жатқанын айта алмады. Тек олар үшін жұмыс берушілері қаржы аударатынын жеткізді.

Нұрлыбек ҚАБДЫҚАППАРОВ, ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ :

2018 жылдан бүгінге дейін аударылып келе жатқан қаржы Астана қаласы бойынша 17-19 млрд ақша жиналып қалды. Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан бойынша үшінші орын аламыз. Бірінші - Алматы қаласы, одан кейін Қарағанды облысы, сосын Нұр-Сұлтан қаласы, қорға жиналған ақша. Оның бәрі бір тиынына дейін әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгенде халыққа түгелдей кетеді. 

Д. Қайыртай