АҚШ Ресейдегі өртті ауыздықтау үшін көмекке дайын. Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен Дональд Трамп осындай ұсыныс жасаған. Ақпарат Кремль сайтында жарияланды. Қазір Сібір орманының 3 млн гектары күлге айналды. Апатап ыстыққа байланысты өрт өршіп тұр. Жан-жануарлардың қойдай қырылып жатқаны рас па? Әлішер Өмірзақ жалғастырады.
Сібірдегі орман өртінің ошағы күн санап артып барады. Бір ғана Иркутск облысында қызыл жалын 67 жерде тұтанған. Мұны "Авиа орман күзеті" ұйымы хабарлап отыр. Төтенше жағдай аймағына 3 мыңға жуық өрт сөндіруші және 420 арнайы техника жұмылдырылған. Ал өртті ауыздықтауға 21 әуе кемесі тартылды.
Евгений БОГАТЫРЕВ, ӨРТ СӨНДІРУШІ:
Мүк өсімдігі өте көп. Өрт өршіп тұр. Бұған ыстық ауа-райы да өтте қатты әсер етіп отыр.
Төтенше жайдайлар министрлігінің мәліметінше 3 млн гектар орман өртке оранған. Мемлекеттік Дума заңсыз ағаш кесуді жасыру үшін қасақана өртеген болуы мүмкін деген нұсқаны жоққа шығармайды. Өрт тұтанған 4 аймақта төтенше жағдай жарияланды. Олар қалың түтіннен зардап шегіп отыр. Ол өткен аптада Қазақстанның біраз аймағына тараған еді. Төтенше жағдайға танымал актер және қоршаған ортаның белсенді қорғаушысы Леонардо Ди Каприо да алаңдаушылық білдірді.
Леонардо Ди КАПРИО:
Гренландияда, Сібірде және Аляскадағы өрт ошақтарынан тараған түтінді тіпті ғарыштан да көруге болады. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым 1 айда бұл өрттерден ауаға тараған көмірқышқыл газы тым жоғары екенін, мұндай көлемді зауыты көп деген Швеция тек бір жылда ғана бөлетінін мәлімеді.
Владимир Путиннің тапсырмасы бойынша Қорғаныс министрлігі тағы 20 техника жөнелтпек. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп көмек қолын созуға дайын екенін айты.
Ресей президенті Дональд Трампқа осындай ықыласпен көмек және қолдау туралы ұсыныс білдіргені үшін өз ризашылығын білдірді. Владимир Путин Ресей тарапы қажет болған жағдайда міндетті түрде ұсынысын қабыл алатынын айтты. Сондай-ақ, Владимир Путин өзінің американдық әріптесіне Сібірде өртті ауыздықтауға қуатты әуетобы құрылғанын хабарлады.
Әлеуметтік желілерде өрттен қойдай қырылған жан-жануарлардың фотолары жарияланып жатыр. Алайда ешбір ресейлік ақпарат құралында мұндай мәліметтер жоқ.
Ә. Өмірзақ