Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда «Nur Otan» партиясының мүшелері 300-дей баланың мектепке қажетті заттарын алып бермек

  • AstanaTV
  • 01 тамыз 2019
  • 1709

Алматыда қырыққа жуық балаға мектеп құралдары мен киім-кешектер табысталды. Бүгін бұл өңірде «Nur Otan» партиясының ұйымдастыруымен республикалық «Мектепке жол» акциясы басталды. Жыл сайын қайырымды жандар оқушыларды жаңа оқу жылына даярулауға ат салысады. Биыл да көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға мейлінше көмек көрсетілген. Игі бастамаға партия мүшелері мен қоғам белсенділері, бизнесмендер көмектескен. Демеушілердің қаражатына оқуға қажет құралдар мен киім-кешек, сөмке сынды тауарлар сатып алынған. Партия мүшелері қаладағы әрбір тұрғынның өтінішін назардан тыс қалдырмауға тырысқан. 

Айгүл НОВАЕВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА: 

Алты балам бар, алты қыз-бала. Үлкенім студент. Төртеуі мектеп қабырғасында оқиды. Төрт балаға мектепке жиналғанда мектеп формасы бар, аяқ киімдері, спорт, дәптері мен кітаптары бәрі 200 мыңға шығады. Әр берілген затқа енді шүкіршілік етеміз, рахмет. 

Ерболат ҚАСЫМОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Елімізде бұл акция бүгін басталды. Барлық аудан өкілдері игі шараға жұмыла қатысып жатыр. Өткен жылы осындай мыңға жуық балаға қамқорлық танытқанбыз. Биыл да сол көрсеткіштен түспейміз деген үміттемін.

Ә. Лесбек