Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында таудағы өртті сөндіру кезінде зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр

  • AstanaTV
  • 06 тамыз 2019
  • 2470

Алматы облысында таудағы өртті сөндіру кезінде зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр. Тағы 5-уі жергілікті ауруханада ем қабылдаған. Ал, қаза болған әкімдік қызметкері Қанат Үсеновтің артында бес баласы қалды. Айта кетейін, алапат өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатқанына 1 тәуліктен асты. Әзірге нәтиже болмай тұр. Әріптесім Әсем Лесбек тақырыпты тарқатады. 

Әсем ЛЕСБЕК ТІЛШІ:

Ресми орындардың дерегінше таудағы өрт кеше күндізгі сағат 1-лер шамасында басталған. Аяқасты тұтанған тілсіз жаудан жергілікті тұрғындар алғашында абдырап қалыпты. Жалын қырат аса бастағанда ғана өрт сөндірушілерге хабар жеткен. жалынды ауыздықтауға тікұшақ та тартылған.

Қазір оқиға орнында 50-ден астам өрт сөндіру қызметкері мен 13-ке жуық арнайы техника жұмыс істеуде. Жалын аумағы 400 гектарды аумақты алып жатыр.  

Нұрділдә ОРАЗ, ҚР ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ: 

Жақын маңда су алатын айдын-көл болмағандықтан әуе кемесі адамдарды тасымалдап қоржынды бүріккіштерді сумен қамтамасыз ету үшін жұмыс істеді.

Тілсіз жауды сөндіру кезінде үш адам қаза тапты. Олар: 33 жастағы Еркінбек Оспанов, 51 жастағы Демелтаев пен 35 жастағы Қанат Үсенов. Екеуінің денесі бүгін жер қойнына тапсырылды. Біреуі ертең жерленеді. Қаза тапқан Қанат Үсенов жергілікті әкімдік қызметкері екен белгілі болды. Марқұмның артында 5 баласы қалды.  

Ғалыммұрат ЖҮКЕЛ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Қайтыс болған азаматтың біреуі 5 бала тәрбиелегені анықталды. Сол марқұмның жесір-жетімдеріне мемлекет тарапынан қазір үй беру мәселесі қазір шешімін табуда. Қайтыс болған азаматтарға барынша көмек көрсетіп отбасыларына, мемлекет тарапынан қарастырылған барлық көмек берілетін болады.

Жақын маңдағы ауруханағы өрттен зардап шеккен 7 адам жеткізілген. Біреуінің денесі 35 пайызға дейін күйік шалып, жансақтау бөліміне түскен.  

Мұрат МҰХАМЕДЖАНОВ, ПАНФИЛОВ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: 

Екеуінің біреуі хирургияда, біреуі жансақтау бөлімінде. 05/55 ренимацияда жатқан 30-35 пайыз ауыр деп есептеледі.

Аудандық аурухана денелерінің басым бөлігін күйік шалған екі азаматтың жағдайын жіті бақылып отырмыз дейді. Олардың жағдайы әзірге бірқалыпты екенін хабарлады. Ал қалған 5 адамды емдік шарадан өткізіп, үйлеріне қайтарған. 

Ә. Лесбек