Балмұздақ, мультфильм және сөмке толы оқу құралдары. Қызылордада мүмкінділігі шектеулі және аз қамтылған отбасылардың 150 оқушысы осындай сыйға ие болды. Шараны «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы ұйымдастырған. Нұротандықтар оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, сәттілік тіледі. Игі шара 1- қыркүйекке дейін жалғасын табады.
Бибіхан ТӨРЕБЕКОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
«Nur Otan» партиясына көп-көп рахмет. Осында шөберемді алып келіп жатырмын, соған көмек беріп жатыр. Мектеп құралдары, дәптер, сумка, ручка-қажетті заттар. Осындай шараның болғанын құптап, көмектесіп, бізге қолқабыс тигізіп жатқанына, жәрдем беріп жатқанына көп-көп рахмет айтамыз.
Алтынбек ЖАРЫЛҚАСЫНОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚОФ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:
Бұл акцияның мақсаты - ең бірінші кезекте мүмкіндігі шектеулі балаларды, сол секілді қазіргі уақытта атаулы әлеуметтік көмекті ала алмай отырған әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларының балаларын мектепке, жаңа оқу жылына дайындық мақсатында жүргізіледі. Бұл акцияға Nur Otan партиясының жергілікті мәслихаттардағы, фракцияларындағы барлық депутаттар қатысуды жоспарлап отыр. Сол секілді барлық партияға қарасты бастауыш ұйымдарда бұл акцияны қолдап отыр.
Ө. Қуанар