Елордалық «Барыс» хоккей клубы Ресейдің «Ақ Барс» командасын ойсырата жеңді. Бас қалада басталған шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті кубогінің алғашқы кездесуінде "Барыс" қарсыласынан 6-1 есебімен басым түсті. Ойынның 7 минутында Никита Михайлис есеп ашты. Көп ұзамай қазандық клуб есепті теңестірген еді. Дегенмен матч соңына дейін Андрей Скабелка шәкірттері есепті еселеп, ойынды өз бақылауында ұстады.
Президент кубогінің ашылу салтанатына қатысқан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та ойынды тамашалды. Айта кетсек спорт додасы 11 тамызға дейін «Барыс Арена» мұз сарайында жалғасады. Жарысқа барлығы бес команда қатысып жатыр.
Ә. Өмірзақ