Русский Сайттың толық нұсқасы

М.Құл-Мұхаммедті әуежайдағы астау таңдандырды

  • AstanaTV
  • 09 тамыз 2019
  • 2617

Ал контрабандашылар жыл басынан бері елдегі шекара бекеттерінен 30 келіден артық есірткі өткізбекші болған.  Оның ішінде героин, марихуана, гашиш секілді ауыр наша түрлері бар. Алайда шекара қызметкерлері заңсыз делдалдардың жолын бөгеген. Қазір республика аумағында жүзден астам шекаралық бақылау пункті бар. Оларда күнделікті 30 шақты заң бұзушы анықталып, ұсталады, дейді әскери құрылымның басшысы Дархан Ділманов. 

Дархан ДІЛМАНОВ, ҚР ҰҚК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Шекарада бір жылда шамамен 5 мың заң бұзушылық анықталады. Оның ішінде заңсыз сауда, контрабанда, қолдан жасалған құжатпен өтуге әрекет жасайтындар да бар.

Бүгін елдің бас шекара қақпасын сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед аралаған. Ол астанадағы халықаралық әуежайда қызмет ететін шекаралық бақылау жасағының жұмысымен танысты. Бәріненен де сенаторды кәдесый сататын дүкендер қызықтырды. Құл-мұхаммед ұлттық нақышта жасалған астаудың жанынан бей-жай өтіп кете алмады.

- Мынау жақсы нәрселер ғой, қонақтар келгенде. Бізде уже научились делать хорошие сувениры.

Д. Қайыртай