Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда минтай балықтарының ішінен құрт шыққан

  • AstanaTV
  • 09 тамыз 2019
  • 2922

Қызылжарда минтай балықтарының ішінен құрт шықты. Дүкеннен сатып алып, пісіріп жеп отырған тұрғын оның ішінен бір емес бірнеше жыбырлақ жәндікті тауып алған. Бұл туралы тұтынушылар мен кәсіпкерлер құқығын қорғау қауымдастығының төрайымы хабарлады. Мұндай тауар сатқан өндірушілерге биыл 753 млн теңге айыппұл салынғанмен, сапасыз өнім сөреден түспей тұр. 

Құрттап кеткен балықты дүкендегілер қайтып алып, тасымалдаушыға қайтарып берген. Істі сотқа берген тұтынушы сол күйі әділ шешім ала алмапты. Надежда Дубовая сот құрттаған балықты адам денсаулығына зиян емес деп тапқанын айтады.

Надежда ДУБОВАЯ, СҚО ТҰТЫНУШЫЛАР МЕН КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:  

Кәсіпкерлерге еркіндік беріп қойды. Бірақ олар тек пайданы ойлайды. Тұтынушылардың денсаулығы, азық-түліктің сапасы секілді мәселелерге мән бермейді. Біздегі Кәсіпкерлік туралы кодексте, Кәсіпкерлердің құқығын қорғау туралы заңда шикілік бар.

Сапасыз тауарлар мұнымен тиылмай тұр. Шыңғыс Қалдыбаев сапаны бақылайтын жауаптылар жұмысына наразы. Тараздық тұрғын жақында сүттен уланып қалып, ішек инфекциясына шалдыққан. Дүкен сөрелерінде тұрған өнім сапасына әлі де күмәнмен қарайды.   

Шыңғыс ҚАЛДЫБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:  

Мұндай улану жағдайлары бір ғана менің басымнан өтіп жатқан жоқ. Көптеген халықтың басынан өтіп жатқан жағдайлар. Сүт өнімдері, сақталатын өнімдердің барлығына да қатаң тексеріс жүргізілсе дейміз.

Биылдан бері сауда сөрелерінен 29 тонна қауіпті тағам алынып тасталды. Сапасыз сүт пен құрамынан шошқа ДНК-сы табылған тауар өндірушілер 753 млн теңге айыппұл арқалады. Бірақ, заң мен тексеріс күшейгенмен, сапасыз өнім сөреден түспей тұр.  

Ақерке БЕКТАС, ТІЛШІ:  

Дүкеннен сатып алған импорттық сүтті қазір бір Ұлттық сараптама орталығына алып келдік. Мамандар өнімнің микробиологиялық көрсеткішін осы жерде анықтайтын болады.

Бірақ бактериологтар оның сапасын анықтауға бір емес, 5 күн кететінін айтып отыр. Сараптама орталығына күніне 20-ға жуық тауар келіп түседі. Дәрігер көбісінің сүт өнімдері екенін жасырмайды.   

Гүлжан ИСАЕВА, ДӘРІГЕР-БАКТЕРИОЛОГ:

Егер де теріс нәтиже беретін болса, қорытынды нәтижесінің күні ұзарады. Пока біз микробтың түрін анықтағанша, ол 5-6 күнге созылуы мүмкін.

Сапасыз тауардың 66 пайызы импорттық өнімдер болып шықты. Олар Ресей, Қырғызстан, Белорусь, Франциядан келген тағамдық тауарлар. Бірі қауіпті тағам деп танылса, бірі техникалық регламентке сай келмейді.  

Дана ҚАСҚАТАЕВА, ҚР ДСМ ТАУАРЛАР САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:  

Өнімдердің құрамынан ішек таяқшаларының табылғандығы, потогенді зеңдердің табылғандығы. Жалған өнімдер, құрамында шошқа ДНК-сы табылған өнімдер. Ет топтамаларында 63 пайызы шұжық өнімдерінен, 20 пайызда жартылай фабрикат өнімдерінен, 7,5 пайызғында ет консервілерінен алынып тасталды.

Елде биылдың өзінде 16 млнның тауары қауіпті болып шықты. Жауаптылар айыппұл алғандар да көп, тәртіпті де күшейттік деп бақты. Бірақ тағамнан уланып, арызданғандар саны азаяр емес.  

А. Бектас