Русский Сайттың толық нұсқасы

Мексикалық полицейлер кәмелетке толмаған қыздарды қызметтік көлікте зорлаған

  • AstanaTV
  • 13 тамыз 2019
  • 2801

Шетелден сұмдық жаңалық. Мексикада полицейлер кәмелетке толмаған қыздарды зорлап келген. Бұған наразы болған 300-ден астам наразы халық митингке шықты. Олар тәртіп сақшыларын қатаң жазалауды талап етіп отыр. Полицейлер 17 жасар бойжеткенді қызметтік көлікте, ал 16 жасар қыз баланы мұражайда зорлаған. Алайда әлі күнге дейін екі қылмыс бойынша да күдіктілер ұсталмаған. Мексикада әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық кең етек жайған. Біріккен Ұлттар Ұйымының ақпараты бойынша елде күніне 9 әйел адам қолынан қаза табады. Мексикада нәзік жандылар құқығы мүлде қорғалмайды, халықаралық ұйымдар аталған елді әйелдер үшін қауіпті 25 елдің қатарына қосып отыр. 

Каролина ЭРНАНДЕС, НАРАЗЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУШЫ:  

Бізді қорғайтын полицей өз халқына қастандық жасап отыр. Бикүнә қыздарымызды зорлап, абыройларын төкті. Бұл тұтас халыққа жасалған қылмыс. Қолдары қанға боялған тәртіп сақшылары түрмеде отырулары керек.