Биыл Атыраудағы ірі мұнай компаниясында жұмыс істейтін 4 оралдық вахтада ВИЧ жұқтырған. Бұл туралы Облыстық СПИД орталығының мамандары мәлімдеді. Статистикаға гомосексуалдар да "үлес қосып" отыр. Қазір жұқпалы дерттің берілу жолы де өзгерген. Еркін Карин мәселеге үңіліп көрді.
- Мен ол кезде 16-да болғам. Бір жігітпен кездесіп жүрдік, ол жігіт есірткі тұтынушы болып шықты. Одан кейін ода АИТВ табылды.
Қазір Элеонора басқа бір адаммен тұрмыс құрған, уақытылы ем-домын алып тұрады. Бүгінде айықпас дертке шалдыққан оралдықтардың саны 700-ден асады. Ал биыл ауруы асқынған тағы бірі көз жұмыпты. Қазір дерттің жұғу жолы да өзгерген.
Жанна АЙТМАҒАМБЕТҚЫЗЫ, АСТАНА қ. ЖИТС-ТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ОРТАЛЫҒЫ МКК ДӘРІГЕРІ:
4 жағдайға артып отыр. Оның ішінде 74 пайызы жыныстық қатынас арқылы жұқтырып отыр, 12 пайызы гомосексуалдық қатынас арқылы жұқтырған. 8 пайызы пароэнтералды немесе иньекциялық есірткі тұтынушылар арасында тіркеліп отыр.
Мамандардың сөзінше, бұған дейін дауасы жоқ дерт көп жағдайда ине арқылы жұғатын. Қазір жағдай өзгеріпті - бей-берекетсіз жыныстық қатынасқа түсіп, зардабын тартқандардың қатары күрт көбейген. Олардың ішінде жылы жақта тынығуға үйір азаматтар мен вахталық әдіспен шалғайда жұмыс істейтіндер де бар.
Алмагүл МАНТАКОВА, БҚО «ЖИТС АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» МКҚК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Биыл Атырау қаласындағы ірі мұнай компанияларының бірінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін екі адамның ауру жұқтырғаны анықталды. Шілде айында дәл сол өңірде жұмыста жүрген тағы екі азаматтың осы дертке шалдыққаны мәлім болды
Психологтар жағдайды ушықтырмау үшін алдын-алу жұмыстарын күшейту керек деп отыр.
Раиса БАЙДАЛИЕВА, ПСИХОЛОГ:
Адамдардың көбісі осындай ауыр жағдайға өзім тап болам деп ойламайды. Аурудың қапыда келетініне мән бермейді. Осылай шектен шығып, түбінде шоқ басып жатады. Сондықтан алдын-алу жұмыстарын мектептен бастап, жыныстық сауатын ашқан жөн. Мұның еш ұяты жоқ.
Еркін КАРИН, ТІЛШІ:
Мамандар адамның мүмкіндігінше жарты жылда немесе бір жылда тексеріліп тұрғаны жөн дейді. Қазір бұл іс барынша жеңілдетілген. Экспресс-тест жүргізіледі, 10-15 минуттан кейін ауру әлде сау екеніңізді білетін боласыз.
- Бақылау жолақшасы шықты, бәрі жақсы.
Ресми деректерге сенсек, 650 мың тұрғыны бар Оралдан жылына 40 адам айықпас ауруды жұқтырады екен. Бұл жергілікті халықтың 1 процентіне жетпейді. Әрі олар науқас екендігін оқуға әлде жұмысқа орналасар кезде дәрігерлік тексеруден өткенде ғана бір біледі. Ал мәжбүрлеп тексерсе, олардың саны еселеп көбейері анық. Бүгінде елде ғасыр дертіне шалдыққандардың саны 36 мыңнан асыпты.
Е. Карин