Русский Сайттың толық нұсқасы

Аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтар үлестіріліп жатыр

  • AstanaTV
  • 13 тамыз 2019
  • 2388

Аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтар үлестіріліп жатыр. Жер-жерде «Балаларды мектепке дайындайық» акциясы басталды. Бұл жолы тек Нұр-Сұлтан қаласында көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан бір жарым мың балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар беріледі. Бүгін алғашқы 150 оқушыға табысталды. Бұл «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясындағы қайырымдылық шарасы. Оны партия мүшелері елордалық меценаттардың қолдауымен жыл сайын өткізіп келеді.

Мадияр СЕРКЕБАЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Әйелім баламен отырады. Жағдайыңа қарай. Шамамыз келеді. Қалғанына көмек беріп жатыр. Осылай көмек жылда көрсетеді. Былтыр да алдық. Былтыр екі сөмке, биыл 1 сөмке. Қалғанын енді өзіміз жағдайына қарай киіндіреміз.  

Мұндай көмек алғысы келетін отбасылар партияның елордалық филиалына, немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жүгіне алады. Елдің барлық аймағында өтіп жатқан акция осы айдың соңына дейін жалғасады.

Ә. Өмірзақ