Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыс Қазақстанда облысындағы ауылда автомат асынғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалмаған

  • AstanaTV
  • 14 тамыз 2019
  • 2277

Батыс Қазақстан облысындағы Белес ауылында тапа-тал түсте оқ атқан кімдер? Ауыл халқының үрейін алған бұзақыларды ұстауға ауыл әкімі ат салысыпты. Тыныштықты бұзғандардан автомат тәркіленіпті. Алайда жұрттың берекетін қашырған адамдардың үстінен қылмыстық іс қозғалмаған. 

- Вот оружие несут... 

Зәуреш Өтеғалиева - Белес аулының тұрғыны. Айтуынша, аң аулап жүрген бейтаныс екі адам ауыл дүкеніне мылтығымен баса-көктеп кірген. Бұған ашуланған ауыл жігіттері олардың қаруын тартып алмақ болады. Сол кезде мылтық атылып кеткен. Абырой болғанда ешкім жарақат алмапты. Енді Зәуреш полиция ұлымды жазықты қылып шығармақ деп алаңдаулы.  

Зәуреш ӨТЕҒАЛИЕВА, БЕЛЕС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Саған енді заявление жазады деді сен оларды соққаның үшін деп. Мен айттым менің балам кінәлі болып қалды сол жерде. Мас кісілерден мылтықты тартып алмаса не болар еді? Ана жерде қанша кісі бар? ол тіпті білмеймін, есін білмей мылтықпен былай да былай алысып жүр ғой. Бәріміз көрдік...

Суыт оқиғаға ауыл әкімі де куәгер болған. Ол полиция шақыртып, тәртіп орнатуға күш салыпты. 

Мәлік ИЛЬЯСОВ, БЕЛЕС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

- Дүкенге кіргенде автоматпен кіріп кеткен ғой. Ойлаған болар рюкзак деп. Ана дүкенге кірген басқа ұлттың өкілі есін білмейді. Мен тазасын айтайын, есін білмейді. Удай мас. Қалай мына жерге келді қалай біреуді соқпай жетті мына жерге білмеймін.

Қазір полиция тергеу амалдарына кіріскен. Куәгерлерді сұрастырған кезде адамдарға оқ ату дерегі расталмапты.   

Асылай ҒҰБАШЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: 

Аталған факті бойынша материал жинақталып, «Сайга-20» маркілі қару, 2 магазин, 6 оқ тәркіленді. Қару иесі мен оның танысына ҚР ӘКБтК-нің 436-бабы 1-бөліміне және 440-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Еркін КАРИН, ТІЛШІ: 

Әзірге бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалмаған. Даулы іс Бәйтерек ауданының әкімшілік сотына жолданыпты. Ал ауыл әкімі қаруды тартып алған жігітті дау-дамай басылған соң марапатқа ұсынбақ ниетте. 

Е. Карин