Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда адам өлімімен аяқталатын жол апаттары күрт көбейді

  • AstanaTV
  • 14 тамыз 2019
  • 2824

Алматыда адам өлімімен аяқталатын жол апаттары күрт көбейді. Тек жыл басынан бері 77 адам қала көшесінде мерт болған. Полицейлер қайғылы оқиға жүргізушілердің жүгенсіздігінен болады десе, көлік тізгіндегендер жол сапасына шағымданып, бұған жергілікті билікті айыптап отыр. Мегаполистегі жол неге қауіпсіз? Тілшілеріміз анықтады. 

Жолды кесіп өтпекші болған 52 жастағы Светлана Саурықованы көлік қағып кеткен. Содан бері 1 жылдан асса да жүріп-тұрмақ, естімек түгелі жақындарын танымайды.  

Мәдина БАЛҚЫБАЕВА, С.САУРЫҚОВАНЫҢ ҚЫЗЫ:

Жер асты жолын ремонт жасап жатқан, ол жер қараңғы. Әкімдік ремонт жасап жатқаннан кейін олар уақытша жаяу жүргінші жолын қоймаған. Бүкіл денесі зақымданып, жарты басы жоқ сүйектерін алып тастаған кішкентай бала сияқты болып қалған, қазір жүрмейді бір қолы істемейді.

Алматыда мұндай жол апаттары қалыпты жағдай. Биылғы статистика сұмдық. Тек жыл басынан бері мегаполисте 14 мың жол апаты болған.   

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бұл жылы қаладағы жол көлік оқиғалары былтырғы жылмен салыстырғанда біршама өскен. Жыл басынан бері 14 мың жол апаты тіркеліп, одан 77 адам ажал ұшқан. Ал 3000-ға жуығы түрлі жарақатпен ауруханаларға түскен.

Полицейлердің айтуынша, қайғылы оқиғалар жылдамдықты асыру немесе қарсы бағытқа шығудан болады. Бірақ көлік жүргізушілер мұнымен келіспейді. Олар жол апаттарына қала ішіндегі жолдардың сапасыздығы себеп дейді. 

- Жолдарды көріңізші, мына машинаның асты тиіп қалайын дейді жолдың шеті яма болса,былай өтіп үлгерем деп қарсы бағытқа шығады сомен қақтысып қалады, жолдың шетіндегі ямалардан көп болады. 

- Ямадан қашамызда мына жаққа встречний, дөңгелектен дөңгелек қалмайды. Дөңгелегімді көрсетсем, каждый дөңгелігім шишка шығып отыр.  

- Міне баллон айырбастап жатырмыз, жол нашар негізінде яма көп, машинаның астын ұрамыз 

Ал қалалық әкімдік өкілдері жолдар жөнделіп жатыр деп ақталды. Бірақ одан бұған жолға қатысты шағымдар азаяр емес.   

Айдын ТОЙБАЗАРОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: 

Биылғы жылы 144 көшеде 134 км болатын орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазірге таңда 120 көшеде аяқталды. Қалған 24 көшеде тамыз аяғының аяғына дейін бітіреміз.

Еуро Одақтың статистикалық мәліметтері бойынша, Қазақстан жол апаттарының саны бойынша алғашқы бестікте. Ал Алматыда адам өлімімен аяқталатын апаттар саны өскені сонша, басқа қалаларды артта қалдырған.   

Ә. Лесбек