Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында ауыл молдасы ауылдасын пышақтап, артынан өзі асылып қалды

  • AstanaTV
  • 19 тамыз 2019
  • 5282

Жамбыл облысында ауыл молдасы көршісін пышақтап, артынан өзі асылып қалды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің мамандары хабарлады. Дүйім елді дүрліктірген оқиға Жамбыл ауданына қарасты Бесағаш ауылында болды. Марқұм болған 51 жастағы молда аталған ауылда 15 жылдан бері мешіт имамы болып келген. Қос құрдастың жұмбақ өлімі жайлы Данияр Әлімқұл толықтырады.

Жұрттың жағасын ұстатқан қанды оқиға осы Бесағаш ауылында болған. Ауылдасын пышақтаған ауыл имамының нағашы ағасы Сағидолла Сатыбалдиев жиенінің жат қылығы болмағанын айтады. Өзі де сол мешітте азаншы болғандықтан тек ашуға тез берілетінін байқаған. Оқиға қорада болған деп отыр.   

Сағидолла САТЫБАЛДИЕВ, ИМАМНЫҢ НАҒАШЫ АҒАСЫ:  

Бас имам бар еді ызақорлығы. Келіспеушілік болғанда өздерінің семьясы ғой анау бойдақ мына жақтағысы -Қанат деген жігіт мына жақта мынау үйленген 3 баласы бар

Бұл оқиғаға қатысты облыстың бас имамы сұқбат бермеді. Алайда, телефон арқылы тілдескенімізде мүфтият өкілі «отбасылық жанжал» деп түсіндірді. Ал, полиция құрдастардың қақтығысына қатысты қылмыстық іс қозғады.   

Дәулетжан БЕКТЕНБАЕВ, ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99 бабы, 1-ші бөлігімен және өз-өзіне қол жұмсап, асылып қайтыс болуына қатысты 105-ші бабы, 1-ші бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Ал, облыс әкімдігінің Дін істері басқармасы да бұл тұрмыстық мәселеден туған жанжал екенін жазбаша ақпаратпен растады. Ресми мәліметте ауыл имамы Мұса Сүлейменов, әріптесі әрі көршісі Қанат Дөненбаевты ас үй пышағымен ұрғаны айтылған.  

Данияр ӘЛІМҚҰЛ, ТІЛШІ:  

Қос құрдастың қақтығысын полиция жұмбақ өлімге жатқызып отыр. Ал, бұл өзін-өзі өлтіру оқиғасы биылға Жамбыл ауданында болған 3-ші дерек екен.

  Д. Әлімқұл