Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада салынып жатқан ЖЭС-3 ашылуы келесі жылға қалуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 20 қазан 2017
  • 2904

Астанада салынып жатқан 3-ші жылу электр стансасының ашылуы келесі жылға қалуы мүмкін. Бұл туралы жылу бағасы төңірегіндегі қоғамдық тыңдау барысында «Астана- Энергия» компаниясы басшылары мәлімдеді. "Қазақпаратқа" сүйенсек, аталмыш жоба құрылысы 2010 жылы басталып, былтыр аяқталуы тиіс болған.

Олег Уткин, "Астана-Энергия" АҚ төрағасының бірінші орынбасары:

3 ЖЭС-ын энергетика басқармасы салып жатыр. Яғни тұтынушылардың есебінен салынып жатыр деген сөз емес. Және нысан құрылысының аяқталуы бірінші кезекте республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы көлеміне байланысты.

"Астана-Энергияға" қарасты екі бірдей жылу электр стансасының өтініштері қабылданса,  қаңтар айынан бастап Елордада жылу бағасы 9 пайызға қымбаттауы мүмкін.

Қазан айында 1 гигакалория жылудың құны 1746 теңгені құраған. 2018 жылдың басында ол 1926 теңге көлеміне тұрақтайды деп күтіліп отыр. Соның нәтижесінде бір шаршы метрге төленетін жылу ақысы 102 теңгеден 111 теңгеге жетеді. "Астана-Энергияның" өтінішіне сай, 5 жылдан кейін ол 2247 теңгеге жетуі мүмкін. Бұған қосымша құн салығы енгізілмейді.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ