Русский Сайттың толық нұсқасы

Полицейлерге алатаяқ қайтарылмақ

  • AstanaTV
  • 20 тамыз 2019
  • 2344

Қазақстанда жол қозғалысын реттейтін полицейлерге алатаяқ қайтарылуы мүмкін. Бүгін Ішкі істер министрлігі осындай бастама көтерді. Оған негіз болған азаматтар тарапынан келіп түскен өтініштер, жол қозғалысын реттеуші полицейді байқамай қағып кетудің алдын алу. Араға 1 жыл 8 ай салып қайта оралуы мүмкін алатаяқтың қайтарылғаны қаншалықты маңызды? Жүргіншілер мен жүргізушілер не дейді? Әлішер Өмірзақ тарқатады.

Әлішер ӨМІРЗАҚ,ТІЛШІ:

Дәл қазір Жеңіс және Мәскеу көшелерінің қиылысында бағдаршам істеп тұрған жоқ. Сондықтан жол потрульдік полиция қызметкері жолдың ортасына шығып, қолымен жүргізушілерге, жаяу жүргіншілерге бағыт-бағдар сілтеп тұр. Дегенмен мұны бірден түсініп жатқан жүргізушілер де, жаяу жүргіншілер де жоқ. Көбіне қиындық тудырып отыр. Сондықтан бүгін Ішкі істер министрлігі алатаяқты, яғни жезлды қайтарып беру мәселесін қайта көтерді.

Мақсат БАЙБОЛОВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Таяқшалар алынып тасталғаннан бастап жол жүрісін реттеу кезінде полиция қызметкерлерін көлік қағып кетуінің 5 фактісі бар. Олар тәуліктің кешкі және түңгі уақыттарында орын алып отыр. Түңгі уақыттарда нашар көірнетін болғандықтан таяқшаларды қайтару ұсынылып отыр. Таяқшалар +қайтару үшін бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейді.

Жаяу жүргіншілер бұл жаңалықты қуана қарсы алды. Олар мектепте жол қозғалысын реттейтін полиция қызметкерлерінің жестін түсінуді оқытпады, сондықтан бағдаршам істемесе тәлтіректеп қаламыз, дейді.

- Прям түсінем деп айта алмаймын, тек қасымдағы машиналар қалай өтеді, солармен ыңғайласып солай өтемін. А так оның былай-былай істегенін түсінбеймін, негізі.

- Көпшілік барса, жүрсе мен де барам Хее

- Мектепте қызылға тоқта, жасылдан өт дегенді үйретті бізге, бірақ былай қолмен регулировка деген онша түсініксіз, түсінбеймін ол жағын.

Ішкі істер министрлігі бұл мәселені көтермей тұрып, ағымдағы жылдың наурыз айында экс-сенатор Георгий Ким премьер министр атына депутаттық сауал жолдаған. Онда ол Жол патрульдік полициясын қағып кету фактілерінің жиілегенін алға тартқан еді.

Георгий КИМ, ЭКС-СЕНАТОР /14.05.2019 ж/:

Статистикаға сәйкес жол патрульдік полиция қызметкерлерін қағып кету фактілері аз емес. Сондықтан алатаяқты тек көше қозғалысын реттеушілерге ғана қайта қайтарып беру мәселесін қарауды сұраймыз.

Ал көлік жүргізушілері алатаяқсыз полиция қызметкерлерін, расымен де кейде байқамай қалатынын жасырмайды. Бірақ, маңыздысы ол емес дейді.

- Мәселе таяқта емес, бәрі өзгеруі керек. Маған бәрібір таяқпен, таяқсыз. Полицейскийдің басында ми болса болды. Қолында не болса сол бола берсін. Тек қана осы.

Ә. Өмірзақ