Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан мен Қырғызстан үкімет басшылары ортақ мәмілеге келді

  • AstanaTV
  • 19 қазан 2017
  • 2747

Қазақстан мен Қырғызстан шекарадағы мәселені реттейтіндей, ортақ мәмілеге келді. Бұл жағдайға ел премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев пен қырғыз үкіметінің басшысы Сапар Исаковтің кездесулерінен соң қол жеткізілді. Күні кеше Қырғызстан премьері бастаған 30-ға жуық жоғары лауазымды тұлға Астанаға келіп, шекараға қатысты түйткілдерді тарқатуға тырысты. Бұл кездесуге қырғыз тарапы бастамашы болды. Жиында экономикалық қарым-қатынастың екі жақты сұрақтары талқыланды. Олар көлік, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау мәселелері. Сонымен қатар үкімет басшылары кеден мен салыққа қатысты сұрақтарды қозғады. Қырғыз үкіметінің басшысы "Еуразиялық экономикалық одақ аясында өз міндеттерімізді орындауға дайынбыз" деп мәлімдеді. Екі жақ шағын және кеңейтілген құрамдарда кездесіп, мәселелерді шешуге уағдаласты.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Как неоднократно отмечал Президент РК Нурсултан Абишевич Назарбаев, отношения двух братских государств должны быть образцовыми и должны быть примером эффективного взаимовыгодного сотрудничества в регионе.

Сапар Исаков, Қырғыз Республикасының премьер-министрі:

Многочисленным составом приехали к вам. Я, как премьер-министр Кыргызстана, настроен на конструктивную работу.