Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда жыл сайын 35 мың адам қатерлі ісікке шалдығады

  • AstanaTV
  • 22 тамыз 2019
  • 3705

Қазақстанда жыл сайын 35 мың адам қатерлі ісікке шалдығады. Ал осы дертпен күресіп жүргендердің қатары 185 мыңнан асады. Шетелдік ғалымдар сынақ кезінде ауруға газдалған тәтті сусындар себеп болуы мүмкін екенін анықтады. Әлішер Өмірзақ тақырыпты тарқатуға тырысты. 

Жыл сайын әлемде қатерлі ісіктен қайтыс болғандар саны өсіп барады. Өткен жылы бұл ауруға шалдыққандардың тең жартысы, яғни 9 жарым миллионы көз жұмған. Біздің елдегі статистика да көңіл көншітер емес. Елде қатерлі іскке шалдыққандар саны 185 мыңнан асады.

Гүлнәр БЫЛКИЛОВА, ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ АҒА МЕНЕДЖЕРІ: 

Жыл сайын қатерлі ісікпен күреске 35 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады. Биыл қосымша тағы 8 млрд бөлінді. Енді азаматтар тегін тексерілуден өте алады. Дегенмен елде жыл сайын бұл ауруға душар болғандар саны көбейіп келеді. Мәселен бір жылда 35 мың адам. Оның 40 пайызға жуығы көз жұмады. Бұрын үлкендер жиі қатерлі ісікке шалдығып жатса, бүгінде жастар да көбейген.

Елде ең көп тараған - сүт безінің қатерлі ісігі. Одан кейін тері және өкпе дерті. Жақында британдық ғалымдар газдалған тәтті сусындардың қауіпті екеніне көз жеткізді. 100 мың адамға эксперимент жасап, сусынның құрамындағы қанттың көп болуы қатерлі ісікке әкелуі мүмкін деген қорытындыға келді. Отандық онкологтар мұны жоққа шығармайды.

Бақтыбай ОРАЗБЕКОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ОНКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Газдалған сусындарда қант көп болғандықтан, енді ықтимал ең бірінші ұйқы безінің обыры болуы мүмкін. Неге болады ол? Өйткені қант көп болғандықтан инсулин көп бөлінеді, инсулин көп мөлшерде бөлінгендіктен қатерлі ісікке әкелуі мүмкін ұйқы безінің.

Биылғы жарты жылдықта қазақстандық өндірушілері 775 (774,6 млн литр) млн литрге жуық алкогольсіз сусын шығарған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 27 пайызға жоғары. Яғни сұраныс жыл санап өсіп барады. Елде газдалған тәтті сусынды күн сайын ішетіндер, тіпті оған тәуелді болып қалғанын сезбейтіндер баршылық. Сауалнама кезінде бұған көз жеткіздік.

- Көзді қызықтырарлық жарнамаларын көреміз де ала саламыз.

- Мне это очень нравится, понимаете. Я выпил и я чувствую себя отлично. Бодрствую!

- Зиян, зиян дей береді, бірақ іше береміз ғой. Барлығы ішеді ғой... зиян, зиян деп.

Бүгінде қатерлі ісіктен жазылып кету мүмкіндігі Қазақстанда 50 пайыз, ал Еуропада 70 пайызды құрайды екен. Бұл көрсеткішті көтеру үшін мамандар аурудың алдын алуға шақырады. Соның бірі - зиянды тағам, сусындарды тұтынбау.  

Ә. Өмірзақ