Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақорданың бұрынғы бас аспазы шетелдіктерге ұлттық тағамдарды таныстырып жүр

  • AstanaTV
  • 22 тамыз 2019
  • 2729

Заманауи қазақ асханасы әлем елдеріне таныстырыла бастады. Осыны мақсат еткен қазақстандық аспаз ұлттық тағамдарды түрлендіріп те жүр. Бүгін ол шетелдік қонақтарға басқа әдіспен дайындалған бекіре балығын ұсынды.

Артем Канцев - Ақорданың бұрынғы бас аспазы. Президенттің ас мәзіріне жауапты болған маман қазір Қазақстанды аралап, әр өңір дәмінің ерекшеліктерін зерттеп жүр. Ұлттық тағам еттен басқа да заманауи қазақ тағамдарын әлем елдеріне таныстырып та үлгерді.

Артем КАНЦЕВ, БАС АСПАЗ: 

Осы жылы біз Франкфуртта, Мәскеуде, Санкт-Петербургте және Пекинде болдық. Заманауи қазақ асханасын таныстырдық. Мәзір тоғыз тағамнан тұрды. Бесбармақтың өзін түрліше ұсындық. Себебі етті Қазақстанның әр облысының дайындау ерекшелігі бар.

Ал елордалықтарға бұған дейін Ақмоланың асханасы таныстырылған. Бұл жолы Каспий бекіресі уылдырығының өзгеше дәмін татып көрді. Ол басқа тағаммен үйлестріліген.   

Сандип ДЖИНАРАЖАН, МЕЙРАМХАНА ҚОНАҒЫ: 

Мен қазақ асханасынан әдетте жылқы етін, етті білетін едім. Сондықтан бүгінгі тағамдар мен үшін мүлде бейтаныс болды. Уылдырықтың да дәмі бөлек. Маған ұнады.

Аспаздың мақсаты - Қазақстанның гастрономикалық туризмін дамыту. Ұлттық асхананың сан қырлы екенін ол «Астананың жоғары асханасы» фото кітабында да көрсеткен. 

А. Сейфулла