Русский Сайттың толық нұсқасы

70 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмектен айырылуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 23 тамыз 2019
  • 3199

70 мың көпбалалы отбасы алып отырған атаулы әлеуметтік көмегінен қағылуы мүмкін. Олардың көбі - нақты табысын жасырып қалып, жәрдемге ілініп кеткендер. Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Үкіметте өткен брифингте аталған отбасылар қайта тексерілетінін мәлімдеді. Өткен жолы, Алматы қаласында әлеуметтік көмек алатын зәулім үйі, қымбат көлігі бар отбасылар да анықталып еді.

Бердібек САПАРБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Егер шын табысы 300 мың немесе 200 мың болса, олар құжатта 40-60 мың теңге деп көрсетеді. Біз қазір үздіксіз тексеріп жатырмыз. Министрлікте еңбек ресурсы орталығы бар. Соған қазақстандықтардың табысы туралы ақпарат түсіп отырады.

Ал ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев журналистерге қысым жасайтындарға қатысты пікір білдірді. Ол мұндай жайттардың болғанын жоққа шығармайды. Бұған қатысты тексеру жүретінін айтты. Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесі отырысында, редакторларға телефон соғатын шенеуніктерге ескерту жариялаған болатын.

Дәурен АБАЕВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:  

Телефон қоңыраулары бойынша біз анализ жүргіземіз. Мүмкін бас редакторлармен ақылдасып, қанша қоңырау түскенін анықтау қажет шығар. Біз ондай жағдайлар орын алғанын жоққа шығара алмаймыз.

А. Сейфулла