Русский Сайттың толық нұсқасы

Екі сиырмен де күн көруге болады, - Б. Сапарбаев

  • AstanaTV
  • 26 тамыз 2019
  • 2615

Ебін тапсаңыз, екі сиырмен де күн көруге болады. Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев журналистердің сауалына осылай деп жауап қатты. Шенеунік билікке алақан жаятындарға сиырдан сегіз литр сүт алып, еңбек қылуға кеңес берді. 

Бердібек САПАРБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

"Жем-шөп жоқ" деп шағымданады. "Жоқ-жоқ" дей берсе, ештеңе де болмайды. Егер жем-шөбін берсең, ол сиыр кем дегенде 7-8 литр сүт береді. Сүттің 2-3 литрі өз керегіңе кетсе, қалғанынан май да шығады, құрт та, қаймақ та, қатық та шығады. Мәселе екі сиырда емес, мәселе еңбекқорлықта. 

Бүгін Бердібек Сапарбаев пен қала әкімі Алтай Көлгінов «Жанұя» орталығының жұмысымен танысуға барған. Отбасы институтын қолдайтын мекеме 70 түрлі қызмет көрсетеді. Қала әкімдігі кәсіпкерлерді тартып, мекемені ашуға 100 млн теңге жұмсапты. Орталық күніне 150-ге жуық адамға көмек көрсетуге қауқарлы. Ал әкімдер мұнда ашық қабылдау өткізіп, тұрғындармен жиі жүздеспек.

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бұл жерде әкім де келіп, жеке қабылдау өткізеді. Мен өзім келіп, орынбасарлар, басқарма басшылар бар кестеге сәйкес қабылдау да өткіземіз. Сұранысқа сай, ары қарай дамытамыз.

А. Бектас