Русский Сайттың толық нұсқасы

«ҚазТрансОйл» өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауға 1 жылда 2 млрд теңге жұмсады

  • AstanaTV
  • 26 тамыз 2019
  • 3330

«ҚазТрансОйл» Акционерлік қоғамы өнеркәсіптік қауіпсіздікті сақтап, қоршаған ортаны қорғауға 1 жылда 2 млрд теңге жұмсады. Қаржы көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 22 пайызға жоғары. Бұл туралы бүгін бас қалада өткен қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі ІІ форумда аталмыш қоғамның бас директоры Димаш Досанов мәлімдеді. Толығырақ форумға қатысқан тілшіміз тарқатады. 

Экологияның ластануы мен қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі елдегі актуалды мәселелердің бірі. Мұнай саласындағы «ҚазТрансОйл» компаниясы осы мақсатта жұмсалатын шығын көлемі емес, қызметкерлер мен экологияның тазалығы бірінші тұруы қажет деп есептейді.

Димаш ДОСАНОВ, "ҚАЗТРАНСОЙЛ" АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ: 

Биылғы жылдың жарты жылдығында ешқандай жазатайым оқиғалар болған жоқ. Бізде, мәселен 7 мың адам жұмыс істейді. Әрбірінің амандығы маңызды. Сондықтан жыл сайын жұмсалатын қаражаттың көлемі де өсіп отыр. Оған әр қызметкердің қауіпсіздігі үшін алынатын жабдықтар мен табиғатты қорғауға кететін шығындар да кіреді.

Биылдан бастап кәсіпорында тәртіпті жұмыс істеген қызметкерлерге арнайы сыйлықақы беріледі. Оларды анықтау үшін арнайы «қорғау картасы» бар. Бүгінгі күні үлгілі жұмысы үшін 20-дан астам қызметкер сыйлықақы алып үлгерген.

Асқар ҚАБЫЛОВ, «ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ HSE ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл «қорғау» карталарын биылдан бастап қолға алдық. Қауіпсіздік ережесін толық сақтанып қызмет еткендермен қатар сақтанбағандарды да өздерінің карталарына түртіп отырамыз. Үздіктеріне сыйлықақы табысталса, сақтамағандарына ескерту беріледі.

Бұл форум Қазақстанда екінші жыл өтіп отыр. Оған "ҚазТрансОйл" АҚ еншілес және бірлескен бақылаудағы ұйымдары қатысты.

Ә. Өмірзақ