Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының саяси кеңесі өтті

  • AstanaTV
  • 26 тамыз 2019
  • 2181

Павлодарда табысын жасырып, әлеуметтік көмек алатын 5 отбасы анықталған. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында өткен саяси кеңесте белгілі болды. Коттеджде тұрып, әлеуметтік көмек алатын отбасылардың тізімге қалай іліккені әзір белгісіз. 

Болат БАҚАУОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ПОФ ТӨРАҒАСЫ:

Павлодарда 5 отбасы бар коттеджде тұрады. Аттарын атамай-ақ қояйын. Бірнеше автокөлігі бар. Жеке дүкені де жұмыс істейді. Бірақ, қорықпай атаулы әлеуметтік көмек алады.

Сондай-ақ, ЖОО парақорлық мәселесі мен ауылдық елді-мекендердерді ауыз су жайы да сөз болды. Биыл аймақтағы 36 ауылда орталық су құбыры пайдаланылуға берілмек. Осылайша 30 мың тұрғын таза суға қол жеткізеді. Десе де, аймақ әкімінің сөзінше, өңірде ауылдықтардың орталық суға қосылу көрсеткіші көңіл көншітпейді. Жиын барысында осы сынды мәселелерге партия баса назар аударуға шақырды. Сонымен қатар бюджет қаражатының тиімді игеріліп, жолдардың сақталуына мән беру керектігін айтты.  

Илья ТЕРЕНЧЕНКО, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ПОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Біздің басты мақсатымыз - нақты жұмыс жүргізу. Ол үшін әрбір сессия алында фракция өз отырысын өткізіп, тұрғындардың шағымдарына назар аударуы керек. Мәселен, мына шағын ауданда мектеп жоқ, ал мұнда әлеуметтік көмек қажетілігі бар деп барлығын ашық айтуымыз тиіс.

Ө. Қуанар