Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысында кафе қожайыны аудан тұрғындарын құлдықта ұстаған

  • AstanaTV
  • 27 тамыз 2019
  • 2006

Қостанай облысында сұмдық оқиға. Құлдықта болған ер адамның шынжырмен байланып, кейін қаза тапқаны белгілі болды. Ол кір қолымен табадан тамақ жегені үшін өлтірілген көрінеді. «Дамыту» қоғамдық қорының төрайымы Нина Косюк осындай мәлімдеме жасады. Оқиға осыдан 3 жыл бұрын Меңдіқара ауданындағы жол бойындағы кафеде болған. Бірақ жақында ғана көршілікке жария болған. Кісі өліміне қатысты қылмыстық іс қазір сотта қаралып жатыр. Кафе қожайыны бұдан да өзге ер адамдарды жұмысқа жегіп, қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген көрінеді. 

Нина КОСЮК, «ДАМЫТУ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Қыздарды қызмет көрсетуге мәжбүрлеп, тегін жұмыс істеткен. Солардың атына несие рәсімделген. Сұмдық жайттар болған. Әлгі кісі Меңдіқара ауданынының көптеген тұрғындарын құлдықта ұстаған. Олардың көбісі құлдықта болғанын жасырады немесе жария етуге қорқады.

З. Санай