Русский Сайттың толық нұсқасы

«Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенінің эскиздік жобасы қарашаға дейін дайын болады

  • AstanaTV
  • 19 қазан 2017
  • 3444

Қазақстан мен Ресей «Бәйтерек» зымыран кешеніне үлкен үміт артып отыр. Бұл туралы «Ғарышқа қазақстандық жол» атты халықаралық форумда «Роскосмос» басшысының орынбасары мәлімдеді. Жобада екі жақтың жауапкершілігі теңдей бөлінген. Ресей тарапы зымырантасығышты дайындайды. Ал Қазақстан оған қажетті инфрақұрылымды әзірлейді. Кешенді «Бәйтерек» атты Қазақстан мен Ресейдің бірлескен кәсіпорны қолданады, - деп атап өтті Савельев.

Сергей Савельев, «Роскосмос» мемкорпорациясы бас директорының орынбасары:

«Бәйтерек» жобасын жүзеге асыру бойынша «Жол картасының» жаңа редакциясы жасалып, келісуден өтіп жатыр. Жобаны қаржыландыру үшін техникалық-экономикалық негіздеменің бастапқы нұсқасы Қазақстанға берілді. Эскиздік жоба қараша айына дейін дайын болады.

«Роскосмос» 2018 жылдан бастап Байқоңырдан ұшыратын зымырандарының санын арттыруға ниетті. Жыл басынан бері 11 зымыран ұшырылса, алдағы екі айда ғарышқа тағы 3 зымыран жіберетіндерін айтты Савельев. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ