Қызылжар өңірінде майлы дақылдар егетін алқаптар көлемі 1,5 есеге артпақ. Бұл жайында облыс әкімі Құмар Ақсақалов айтты. Солтүстік Қазақстан облысының диқандары бес жарым миллион тоннадан артық астық жинады. Бұл бүкіл елдегі өнімнің 30 пайызын құрайды. Ал гектардың орташа шығымдылығы 18 центнерден айналды. Өңір басшысының мәлімдеуінше, аймақ шаруалары дәнді дақылдардың үлесін арттыруды алға қойған. Биыл бұл алқаптардың ауданы 715 мың гектар, келесі жылы оны бір миллионға дейін жеткізу көзделген. Әзірге өнімнің бұл түріне Қытайдан сұраныс басым. Ал бидай шығыс елдерге сатылып жатыр.