Русский Сайттың толық нұсқасы

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" Ақтауда алғаш рет баспана жәрмеңкесін өткізді

  • AstanaTV
  • 28 тамыз 2019
  • 4054

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» баспана іздегендерге жаңа мүмкіндік ұсынды. Банк үйлі болуды армандап жүрген азаматтарға арнап, Ақтауда алғаш рет баспана жәрмеңкесін өткізді. Бұл шара пәтер жалдап қиналып жүргендер де, жеке үй сатып алғысы келгендерге де іздегенге сұраған болды. Тұрғындар көңілде жүрген сұрақтарын қойып, пәтерді қалай оңай сатып алуға болатынынан да құлағдар болды. 

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ұйымдастырған баспана жәрмеңкесі Кенжебек Сержанұлының көңілінен шықты. Ол бағасы арзан, әрі жайлы пәтер сатып алуды ойлағанына біраз уақыт болған. Көңілде жүрген көп сұрақтың шешімін ол жәрмеңкеден тапқан. Тіпті түрлі ұтымды ұсыныстардан да хабардар болғанына қуанышты.  

Кенжебек СЕРЖАНҰЛЫ, АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Дана қазақта әдемі бір сөз бар. Үйлену оңай, үй болу қиын дейді әдемі ұғым бар. Міне, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" өткізіп жатқан акциясы жалпы республикалық болсын, жалпы халықтың өтіп жатқан акция ол тұрғындарға мейлінше кішкентай болса да, ақпаратпен қамту болды деп түсінемін. Жас отбасыларға, әлеуметтік топтағы азаматтарға қалай жеңілдіктер болады.

Мұндай жәрмеңке Ақтауда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оған қатысқан 13 құрылыс компаниясының өкілдері, үйсіз жүргендердің көңілінде үміт отын оятты, жас отбасылардың жаңа жоспарына ұйтқы болды. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бұл бастаманы алдағы уақытта дәстүрге айналдырмақ. 

Медет АБУҒАЛИЕВ «ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДИРЕКТОРЫ:  

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде" халыққа ұсынатын көптеген бағдарламаларымыз бар. Биыл жылына 2 пайызбен несие беретін “Бақытты отбасы” бағдарламасы іс қосылды. Өте тиімді дер едім. Мәселен, 5 пайызбен несие беретін “Нұрлы жер” бағдарламасы бар. Басты міндет - халыққа ақшаны үнемдеп, жинауды үйрету. Кейін арзан бағамен несие алып, армандаған баспанаға қол жеткізсе болады.

Жәрмеңкеде келушілерге түрлі санаттағы баспана ұсынылды. Мұның ішінде ортанқол отбасыларға арналған пәтерлер мен ауқаттыларға лайық элиталық үйлер де бар. Баспана бағасы орналасқан ауданы мен безендіруі мен жөндеу сапасына байланысты әрқилы. 

Сүлеймен МЫРЗАБЕКОВ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ: 

Біз - Маңғыстаудағы үлкен компаниямыз. Батыс Қазақстанның үш қаласы бойынша 22 нысан салып жатырмыз. Бүгінгі жәрмеңкеде мемлекеттік бағдарламалар бойынша қандай жеңілдіктер қарастырылғанын көрсеттік. Тұрғындардың көңілінен шығатын түрлі ұсыныстарды ойластырдық.

Өңірдегі барлық қаржы ұйымдары мен құрылыс компания өкілдері осы жәрмеңкеден табылды. Ұйымдастырушылар келесі жолы олардың саны бұдан да көп болады деп сенеді.  

Е. Карин