Русский Сайттың толық нұсқасы

Конституциялық кеңес: азаматтардың құқықтарын жетілдіру қажет

  • AstanaTV
  • 29 тамыз 2019
  • 2895

Конституцияның цифрлық өркениет дәуірінде мемлекет пен қоғамның трансформациялануы жағдайындағы рөлі қандай? Бұл сұрақ «Негізгі Заң апталығы» атты жалпы республикалық жоба аясында талқыланды. Конституциялық кеңес ұйымдастарған форумда ғалымдар мен саясаткерлер Ата заңның нығаюы мен заман талаптарына сай келуіне қатысты мәселелерді көтерді. 

Жоғары заңды күші бар Конституция - мемлекеттің дамуына қатысты мәселелерді реттеудің негізі. Десек те, қоғамның дамуына байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырады. Оны заманның талабы деп қабылдаған жөн. Одан бөлек, Қазақстан әлем елдерімен байланысты нығайту мақсатында көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болып, келісімдерге қол қояды. Оның да талаптары бар. Сондықтан нормалардың өзгеріп отыруы заңдылық.    

Ермек ӘБДІРАСУЛОВ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ: 

Өзгерістер көптеген факторға байланысты енгізілуі мүмкін. Көптеген халықаралық келісімдерге қол қоямыз. Ұйымдарға мүше боламыз. Олардың талаптары бар. Сонымен қатар, Елбасының бастамалары бар. Мысалы, Президент билігінің бір бөлігін Үкіметке, Парламентке беру туралы шешім. Бұл бастама қоғамның қолдауына ие болып, нормаларға өзгерістер енгізілді. 

Елде Ата Заң нормаларына түсініктеме беретін Конституциялық кеңес жұмыс істейді. Ол Парламентпен қабылданған және Президент қол қойған заңдардың Конституцияға сәйкестігін қарайды. Сонымен қатар, Халықаралық келісімдердің Конституцияға сай болуын бақылайды. Конституциялық кеңеске осы уақытқа дейін келіп түскен өтініш-шағымдардың барлығына заңдық тұрғыдан түсініктеме беріліп, қайта қаралған.

Иоган Меркель, ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

Конститцуиялық кеңеске 5 субьект өтініш бере алады. Олар Президент, Үкімет, Парламент мүшелері және Соттар. Бізге келіп түскен өтініш-шағымдар көп. Олар негізінен шетелге шығу, жылжымайтын мүлікке және сот орындаушыларына қатысты шағымдар болды. Барлығы қайта қаралып, түсініктеме берілді. Тұңғыш Президент - Елбасымыз 28 рет өтініш жасады.  

Ата заң күніне орай өткен жиында басты заңға сай азаматтардың құқықтарын жетілдіру тұстары да талқыланды.