Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстаннан Ресейге заңсыз бензин тасымалдаған Челябі тұрғыны сотталды

  • AstanaTV
  • 29 тамыз 2019
  • 2191

Қазақстаннан Ресейге заңсыз бензин тасымалдаған Челябі тұрғыны сотталды. Ресей азаматы екі сыбайласымен елден 50 мың литр жанармай алып шыққан. Бұл Ресей аймағында тиым салынған К4 экологиялық кластағы АИ-92 жанармайы. Тергеу мәліметіне сүйенсек, оның бұл әрекетін дәлелдеу үшін ондаған сараптама жүргізілді. Келтірілген шығын көлемі 6 млн теңгеге бағаланып отыр. Сот 45 жастағы азаматты кінәлі деп танып, шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айырды.